Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов және қаламыздың әкімі Асаин Байханов  "Жасыл-кросс-22"экомарафонына қатысты.

 


 




 

 


 


 

Акция 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. 

Өңір басшысы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткен сенбілікке қолдау көрсетті. Оған өңірдің этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Toraighyrov University студенттері және қоғам белсенділері қатысты. Барлығы 150 адам.

Қатысушылар қарттар үйінің аумағында 20 ағаш отырғызды. Облыс әкімі сондай-ақ терек көшеттерін отырғызып, павлодарлықтарды тазалық айлығына қатысуға шақырды.