«AMANAT» партиясының жастар қанаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза сессия» акциясын өткізді. 

 

 

300-ге жуық студент құпия сауалнамаға қатысты. Шараның басты мақсаты - оқу орнында жемқорлық деректерін анықтау. 

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Петр Быковтың айтуынша, басты мақсат – жемқорлықтың алдын алу. Біздің студенттер партия әзірлейтін сауалнамаларға жыл сайын қатысады. Олар өзгеріп тұрады. Деректер де анықталып тұрады. Бұл шара оқу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Еске сала кетсек, осындай сауалнама жиі өткізіледі. 

ЖОО басшылығы студенттер мен магистранттарды акцияға белсенді қатысуға шақырады. Білім алушылар сессияның «таза» өтуіне атсалыса алады және сапалы білім алуға құықтарын қорғай алады.