Beisembayev Library қолданушылары «ИнфоТехСервис» компаниясының «Параграф» ақпараттық жүйесінің электронды ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. 

 

АЖ жұмысы бойынша семинар шарасын «ИнфоТех&Сервис» компаниясының өкілі Наталья Карабовская өткізді.

«Параграф» жүйесінде Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері, сонымен қатар, жақын шет ел мемлекеттерінің заңнамалары жинақталған. Жүйе тәжірибелік-қолданбалы, ғылыми ақпараттарды молынан пайдаланып, құқық саласындағы сарапшылардың тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік береді. 

АЖ оқу орнындағы білім беру үрдісінде болашақ заңгерлер үшін теориялық білімдердің ауқымды дереккөзіне айналмақ.