ToU студенттері спорттық жетісіктерімен қуантып жатыр. Юр-402 тобының студенті Алик Домнич Қазақстан құрамасында аралас жекпе-жек бойынша Суперкубок жарысында үшінші орынға ие болды. Байрақты бәсеке «Халықаралық күрес апталығы» шеңберінде Бахрейнде өтті. Алик 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 

 

Жекпе-жек барысында А. Домнич Балқан бұғазы елдері мен мексикалық спортшыларды жеңді. 

Чемпионның айтуынша, Қазақстан командасы бұл жарысқа тыңғылықты дайындалған. Жаттығу жұмыстарына баса назар аударылды. 

«Арманға қол жеткізу жолында үздіксіз жұмыс істеу керек. Қиын болса да, тырысу керек», - дейді А. Домнич.

Еске салсақ, Алик Домнич - грепплинг және панкратион бойынша Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы. ММА бойынша Қазақстан чемпионы және әлемнің бес дүркін жүлдегері. 

«Торайғыров университетінің жастары спортта жоғары дәрежеге ие болғандары қуантады. Әсіресе, ММА сияқты қарқынды дамыған спорттың түрінің белестерін бағындырып келеді. Спортшыларымызды қолдап, әрдайым жанкүйер болуға дайынбыз», - дейді университет ректоры Еркін Садықов.