Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов шығармашылық кездесу өткізіп, өткен жылдың соңында жарық көрген «АнтиВИРУС» кітабын таныстырды.


Жазушы Beisembayev library кітапханасында өзінің шығармашылық жолы туралы әңгіме құрып, ЖОО мен колледж студенттеріне кітабы туралы айтып берді.
- Пандемия санамызды өзгертті, көптеген адамның бойына қорқыныш пен сенімсіздік сезімдерін ұялатты. Жоспарларымызды өзгертуге де түрткі болды. Мен өз тарапымнан адамдарға позитивті ойлауды айтқым келді. Әлемде қуанышты сәттер де көп. Көтеріңкі көңіл-күй мен жүректегі мейірім - ең жақсы ем. Позитив - ең басты антивирус, - дейді Ғалымбек Жұматов.
Кітапта әзіл әңгімелер, қызықты оқиғалар мен анекдоттар жинастырылған. Студенттік өмір мен қарапайым адамның өміріндегі қызықты сәттер де кездеседі. Кітаппен танысқан студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, «АнтиВИРУС»-тың жазылуы туралы білді. Әзіл-қалжыңдарымен де бөлісті.
Кездесу соңында жазушы студенттерге ағалық кеңестерін берді.