Торайғыров университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ToU - Open to NEW!» республикалық пікірталас турнирі басталды.

.

Шешендік өнер мен пікірталас бойынша жарысуға 8 аймақтан келген 40 команда жиналды.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Семейдің қатысушылары өз пікірлерін үш тілде жеткізбек.

Қатысушыларды қарсы алған Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов конструктивті әңгіме өрбіту - ХХІ ғасырдың негізгі soft-дағдысы екенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, дебатшылардың популистік идеяларға бой ұрмайтыны мен пікірталастар сыни ойлауды қалыптастыратынын жеткізді.