2018 жылы «Победа» ЖШС-і студенттер үшін дуалды білім беру бойынша оқу орталығын ашты. Александр Поляков өмірден озған соң серіктестікті жалғастыру туралы шешім қабылданып, жетекшінің құрметіне атаулы шәкіртақы тағайындалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша үш грант бөлінді. Грантқа ие болғандар мамандық бойынша жұмыс істейді.

 

«Торайғыров университетінің ауыл шаруашылығы факультеті шамамен 20 жыл бойы мамандық даярлау бойынша «Победа» ЖШС-мен ынтымақтастық қарым-қатынаста. Осылайша, Павлодар облысының ауыл шаруашылығы саласына мамандар оқытылады. Бұл тұрғыда Александр Поляковтың сіңірген еңбегі зор.  Оның шешімі  зор алғыс пен үлгі болуға лайықты», - дейді факультет деканы Тоқтар Бексейітов.