Торайғыров университетінің дебатшылары Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған республикалық турнирде үздік атанды.

 

 

16 фракция, 32 спикер және Орал, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай қалаларының 9 университетінің жастары қазақстандық қоғамды жаңғырту тақырыбында ой өрбітіп, шешендік сөз өнері бойынша жарысты.

«Президент» фракциясының өкілдері Кенжебек Дәлелхан мен Елдос Мүслім екінші орынға ие болды.

«Элита» фракциясының өкілдері Айдана Сахимзадинова, Нұржан Ералы жарыстың жеңімпаздары атанды.

Айта кетейік, жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікірталас қозғалысын дамыту туралы айтқан болатын.

«Пікірталастар» сыни көзқарас дағдыларын дамытады, ақпаратты сараптауға, сұрақтар құрып, оларға жауап беруге үйретеді. Дебат қатысушылары популистік идеялар мен насихатқа бой алдырмайды, себебі, олар өз позицияларын дәлелдей алады», – деді министр.