С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік командасы Астана қаласында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша өткізілген Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып, үшінші орынға ие болды.
«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиада М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы негізінде өтті.
Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасына ЖОО-ның ішкі кезеңінің жеңімпаздары, университеттің Орыс филологиясы кафедрасының үздік студенттері кірді. Атап айтсақ, Дмитрий Белоградов, Ульяна Валова (ФИЛ (р) - 302 тобының студенттері), Яна Жұмабаева (РЯиЛ - 302 тобының студенті).
Команда жетекшісі – ПМУ-дың Орыс филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ольга Попович.
Олимпиада бағдарламасына сай орыс тілінен жазу, орыс әдебиетінен жазу және ауызша кезеңдер және де шығармашылық байқауларынан бақтарын сынады. Яғни шығармашылық бәйгеде қатысушылар командаларын таныстырды.
Шығармашылық сайыс (үй тапсырмасы) «Мен сені есту үшін, сөйле» (Сократ) тақырыбын арқау етті. Байқау барысында командалар 2 номинациялар бойынша өз-өзін таныстырды:
1. Команданың бейнесін ашатын «Визит карточкасы»;
2. Арнайы тақырып бойынша команданың стильдік ойын көрсетуі.
«Мен сені есту үшін, сөйле» атты шығармашылық додаға қатысқан командаларды әділ қазылар алқасы жоғары бағалаған.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасы қазылар алқасының назарына «ПМУ филологы кім» атты бейнеролик ұсынды. Спорттық бал биінен спорт шеберлері, Павлодар облысы бойынша 7 рет чемпион атанғандар Филипп және Ульяна Валовтар әдемі би билеп команданың өз-өзін көрсетуінің сәнін келтіре түсті.
Өнерпаздық, майталмандық және лингвистикалық талғам үшін ПМУ-дың командасы «Мен сені есту үшін, сөйле» атты шығармашылық байқауында II орынды қанжығасына байлады.
«Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жалпы есебі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың командасы үшінші орынға ие болды.
Олимпиаданың ұйымдастырушы комитеті барлық жеңімпаздарды дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ресейлік Ғылым және мәдениет орталығы (Астана қ.) арнайы кітаптар қорын ашып Олимпиада жеңімпаздарына кітаптар ұсынды.
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік командасының М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің Казакстандык филиалының ұйымдастырған Олимпиадаға белсенді қатысқаны – олардың кәсіби деңгейін арттыруына үлес қосуда деп мәлімдеді ПМУ Орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Кенжебалина.