Мемлекет басшысының халыққа 2008 ж. 6 ақпанындағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жоғарлату – мемлекеттік саясаттың бас мақсаты» және «Даму мен жаңаруға дағдарыс арқылы жету» үндеуін жүзеге асыру шеңберінде, 2009 жылдың 13 қазанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агентствасының Төрағасының орынбасары Ж.А. Жарқынбаева мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасының агентствасының мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің Директор орынбасары Д.Т. Жаненова тұлғасындағы «Болашақ» түлектер Ассоциациясының өкілдері бір күнге келді.
Ассоциация «Болашақ» президенттік білім беру стипендия түлектері қатарынан белсенді әлеуметтік қайраткерлер қоғамдастығы болып табылады. Осы коммерциялық емес қоғамдық ұйымның негізгі мақсаты стипендиялар түлектерін қолдау және біріктіру, «Болашақ» туралы халықты ақпараттандыру, халықаралық және ұлттық ауқымда әр түрлі конференциялар мен семинарлар өткізу және тағы басқа.
Аймақтық қызмет шеңберінде Ассоциация Павлодар мемлекеттік университетіне келді. Қысқа, бірақ нәтижелі кездесу кезінде, «болашақтар» бағдарлама стипендиаттары мен түлектерімен, сонымен қатар жоғары оқу орнының белсенді жастарымен кездесуді ұйымдастырды.
ПМУ акт залында «болашақкерлер» мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатының сұрақтары бойынша, ары қарай даму перспективалары туралы дәрістер, және жеке алғанда, үкімет алдына қойылған мақсаттарға жету үшін қажет, адам ресурстарының қалыптасуында сапалы шет ел білімдердің маңыздылығы туралы оқылды.
Кездесу ПМУ оқу Кеңесінің залында бағдарламаның павлодарлық түлектерімен биресми кездесуімен аяқталды.
Кездесуді ұйымдастырған ПМУ халықаралық қауымдасу Департаментінің мамандары. Департамент офисі «Болашақ» стипендиялары мен басқа халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысты барлық сұрақтар бойынша жауап береді (438 кабинет, бас оқу корпусы).