Торайғыров университеті Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен бірге  мақсатты гуманитарлық мазмұндағы оқу бағдарламасын әзірлеп, іске қосты. 

 

 

Бағдарлама Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірге жүзеге асырылуда. 

Бірінші дәріскер ретінде "Қазақстан тарихы" кафедрасының қауымдастырылған профессоры,  PhD докторы Аслан Әзербаев қатысты. Ол қазақ мемлекеттігінің құрылуы мен жаңғыруы кезіндегі этносаяси үрдістер туралы айтып берді. 

Алдағы уақытта психология, философия, мәдениеттану және саясаттану бойынша дәрістер оқылады.