Павлодар облысы бойынша қала құрылысы және сәулет басқармасының басшысы Серік Абдрахманов  Торайғыров университетінің студенттері мен қызметкерлеріне дәріс оқыды.

 

 

 

 

Дәріскер облыс және қала құрылысының даму перспективалары, даму тенденциялары мен болашақ еңбек қызметінің даму алғышарттары туралы айтып берді.

Сәулет және дизайн кафедрасының студенттері мамандықтың мүмкіндіктері мен мансаптық жолмен өсу перспективалары туралы сұрақтарын қойды.