Константин Федоренко және Әділ Қайкенов Creative Pavlodar гранттар байқауында 1 миллион теңге ұтып алды. 

 

Жастар Джеймс Ванның «The saw» фильмінің желісі бойынша BAD_ROOM _QUEST хоррор-ойынын әзірледі. Студенттер Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей және Павлодардағы оннан астам квестке қатысты. Павлодарда бір хоррор-квест бар. 

Жастардың айтуынша, квест - соңғы жылдағы тиімді бизнес. Ойын жүйке жүйесінің төзімділігін тексеретін жағдай емес. Квест күрделі жағдайда түрлі жұмбақтар мен басқатырғыштарды орындатады. Хоррор сезімі жабық кеңістікте пайда болады, бұған аниматорлар қатысады. 

Қатысушылар пайдалы дағдыларға икемделіп, стрессті жағдайда сыни ойлау мен дедукциялық қабілеттерді дамытады. 

«Креативті идеялар грантының» қолдауымен жастар өз жобаларын жүзеге асыра алады.