Ең қызықты #as_bolsyn_challenge оралды.
Проректорлар аспаздық шеберлік бойынша жарыс ұйымдастырып, іскери костюмдерін ас үй киіміне ауыстырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Олардың тез әрі дәмді ас әзірлеуін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары бағалады.
Біздің аспаздар командалық жұмыстың үлгісін көрсетіп, міндеттерді өзара бөлісті.
Ыстық тағам әзірлеуге екі сағаттай уақыт кетті.
Ас дайындау жылдамдықты да талап етті.
Қатысушылар ауыл шаруашылығы факультетінің технологиясымен өсірілген жылқы етінен бешбармақ, палау, мәнті дайындап, салаттарын ұсынды.
Тағамдардың қайталанбас дәмі мен креативті таныстыру қазылар алқасын таң қалдырды. Сондықтан, командалардың бәрі бірінші орынға ие болды.
Нәтижесінде 100-ден астам студент ұлттық тағамның бірнеше түрінен дәм татты. Челлендж Сәтбаев университетіне берілді.