Торайғыров университетінде әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі талқыланып, «GreenTAL» эко-ойыншықтар әлеуметтік шеберханасы ашылды.

 

Шеберханада мүмкіндігі шектеулі азаматтар ағаштан эко-ойыншықтар жасап, бұл істі меңгере алады.

- Қазіргі уақытта цехта алты адам жұмыс істейді. Олардың төртеуі әлеуметтік әлжуаз топтарға жатады. Тағы 57 адам кезекте тұр. Жұмыскерлердің орташа жалақысы - 50 мың теңге, шеберлер үшін 70 мың теңгені құрайды. Ал басқарушының жалақысы 100 мың теңге, оның үстіне жұмыс көлеміне байланысты бонустар ала алады, - дейді әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров.

Жоба ERG компаниясының қаржылық қолдауы бойынша жүзеге асырылды. Торайғыров университеті өндірістік ғимарат бөлді. Ал Павлодар облысы кәсіподақ ұйымдары ұжымды таңдауға көмектесті.

Шеберхананың ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.