Экономикалық мамандықтар бойынша студенттік ғылыми жұмыстардың халықаралық байқауы аяқталды.

 

Шараға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.

Іріктеу нәтижесінде төрт команда финалға өтті: Ресей Федерациясы жанындағы Қаржы университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚОУ және Торайғыров университеті.

Стефани Радченко Сәуле Күнязованың жетекшілігімен жасыл экономика саласында «Landscape design studios» ландшафтты дизайын студиясы жобасын әзірлеп, екінші орынға ие болды.

- Өз жобам арқылы жастар санасының инновациялылығын, кәсіпкерлік саласындағы білімдерді жаңартудың жоғары деңгейін  көрсеткім келді. Сондықтан, экобағыт пен жастар кәсіпкерлігі тақырыптарын байланыстырамын. Бұл бағыт адам өмірінің түрлі салаларында қарқынды дамып келеді. Нарықта экологиялық таза тауарлар жоғары сұранысқа ие. Сондықтан, ландшафтты дизайн студиясы бойынша жаңа идея бизнес-ортаға бейімделіп, әлем бойынша сұраныста. Өзінің тұтынушысын тез тапты», - дейді Стефани.

Әлия Бөлежанова мен Ирина Шипицина жетекшісі Мадина Кәрімбергеновамен жастар кәсіпкерлігінің мықты және әлсіз тұстарын салыстырып, үшінші орынға ие болды. Олар жастардың бизнес-жобалары мен стартаптарын қолдау бағдарламаларының ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын зерттеп, жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша шараларын ұсынды. Сонымен қатар, бизнес-жобаны жүзеге асырудың әр кезеңінің институттармен байланысын зерттеді.