Ернар Баянгазин встретился с коллективом Торайгыров университета.

Кездесуде Ернар Баянғазин «Торайғыров университеті» студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары мен қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу туралы айтты.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев опен-спейс форматында дәріс аудиторияларын ашу арқылы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

 

 - Опен-спейстің мұндай форматын тек жоғары оқу орындарында ғана емес, мемлекеттік органдар мен өңірдегі кәсіпорындарда да енгізу қажет, - деп атап өтті Ернар Баянғазин.

Студенттік ахуалдық орталық ерекше қызығушылық тудырды және студенттерге жасанды интеллект негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді анықтауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім мемлекеттік органдардың операциялық процестерін цифрландыруға қабілетті бағдарламалық өнімді әзірлеуді ұсынды.

Ернар Баянғазин «Торайғыров университетінде» комплаенс-қызметті және iso37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу қажеттілігі туралы ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Ернар Баянғазин қоғам өкілдерімен пікір алмасты. «Ertis – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі, ақпараттық-ағартушылық штаб, Арнайы мониторингтік топ, «Sanaly Urpaq», «Adal Urpaq», «Аdal komek» жобаларының жұмыс мәселелері талқыланды.

Ернар Баянғазин мұндай кездесулерді сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінің алдын алу бөлігінде іс-әрекеттер мен жоспарларды түзету үшін тұрақты негізде өткізуді ұсынды.