Clarivate компаниясы Web of Science Award «Ғылым көшбасшысы» 2020 жыл сайынғы тәуелсіз байқаудың қорытындыларын жариялады.

 

Биылғы жылы әйгілі марапатқа Қазақстан Республикасының 15 зерттеушісі мен 17 ұйымы ие болды. Ғалымдар, университеттер мен ғылыми ұйымдар жаңа аталымдар бойынша марапатталды.

Торайғыров университеті аймақтық жоғары оқу орындары арасында жариялылық белсенділік бойынша көшбасшылар қатарында.

Қысқа тізім Web of Science Core Collection индекстейтін мақалаларға негізделіп жасалды.

Қазақстанның Web of Science-ке қолжетімділігі мен халықаралық зерттеу үрдісіне белсенді араласқандықтан, еліміз халықаралық ғылыми қауымдастық үшін өз ғылыми зерттеулерінің индексін алты есе арттырды. Нәтижесінде Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің ішінде ғылыми жарияланымдар бойынша көшбасшы атанды.

ЖОО ғалымдары ҚР БжҒМ-нің гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жұмыстарды орындау мен ірі өндірістік кәсіпорындардың тапсырыстарын орындайды. Бұл ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу орнына жариялылық белсенділігі рейтінгінің жоғары тұғырынан көрінуге сеп болды.

- Рейтингте оқу орнының энергетика, археология, биология, генетика, филология салаларындағы ғылыми жұмыстары аталып өтті. Университеттің ғалымдарын бұл жетістікпен құттықтап, олардың аймағымыздың инновациялық дамуына сеп болатынына сенімімді білдіремін», - дейді ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов.

Clarivate туралы

 

Clarivate™ компаниясы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды әзірлеуді әлемдегі оқырмандарына шынайы ақпарат көздерін ұсыну және сараптама жүргізу арқылы жеделдетеді. Сонымен қатар, жаңа идеяларды жасау, қорғау және коммерциялизациялауды тез жүргізуге мүмкіндік береді. Clarivate Web of Science, InCites B&A, Publons, Cortellis, Derwent, CompuMark және MarkMonitor сияқты жетекші халықаралық ақпараттық-сараптамалық ресурстарға иелік ететін халықаралық компания.