Цифрландыру мемлекеттік маңыздағы іс болып табылады және мемлекет пен аймағымыздың экономикалық дамуына әсер етеді.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов әкімдікте жұмыс істейтін цифрлық офицерлерді даярлауға тапсырма берді.


Олар аймақтық аппараттың жұмысына оң әсер етеді, сонымен қатар, салалардағы сандық реформаларды бақылауға алады. Мамандардың мақсаты - ағымдық жұмысты орындау емес, реформаларды жүзеге асыру.
IT-мектеп цифрлық офицерлерді даярлаумен шектелмейді, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жұмысын автоматтандыру және киберспортты дамыту салаларын қамтиды.
Мектеп жұмысын кеңейту облыста IT-экожүйесін құруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектепте келесі бағыттар бойынша оқу жүзеге асырылуда: веб-әзірлеу, Data Science, 3D-модельдеу, фото және видеопродакшн курстары.
@itschool.tou парақшасында мол ақпарат бар.12:29