Бүгін "Торайғыров университеті" КЕАҚ концерттік залында тарих ғылымдарының докторы, профессор Козодоя Виктор Ивановичтің "Әлихан Бөкейханов. Адам-дәуір" атты кітабының тұсау кесері өтті.
Кітап көрнекті тарихи қайраткер Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметін зерттеуге арналған.
Әлихан Бөкейханов- қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, оқытушы, журналист және этнограф, Ресей тарихында терең із қалдырған адам, жалпы империялық, ұлттық деңгейдегі саясаткер, Бүкілресейлік кадеттер партиясының (Конституциялық демократтар) Орталық Комитетінің мүшесі. Ресей империясы Мемлекеттік Думасының 1-ші шақырылымының депутаты, Алаш және Алаш Орда қозғалысының көшбасшысы.
Оның ең үлкен еңбегі-ол формальды және бейресми көшбасшы ретінде Қазақстан тарихындағы тұтас дәуірдің – аумақтық, саяси қоғамдық бытыраңқылық уақытынан бастап тәуелсіздік алуға және егемен Қазақстанның қалыптасуына алып келген қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу және қалпына келу кезеңдеріне дейінгі барысына даусыз әсер етті. Бұл дәуір көбінесе кітап кейіпкерінің есімімен байланысты, сондықтан автор Әлихан Бөкейхановты "адам-дәуір"деп анықтайды.
Бұл Әлихан Бөкейханов туралы Ресейде жарық көретін алғашқы кітап. Кітапқа дереккөздер, материалдар мен фактілер, оның ішінде ғылыми айналымда бұрын пайдаланылмаған деректер: мұрағаттық құжаттар, естеліктер, мемуарлар, саяси және мемлекеттік, партиялық және әскери қайраткерлердің, сол жылдардағы газеттер мен журналдардағы жарияланымдар енгізілген. Кітап тарихшыларға, қоғамтанушыларға, саясаттанушыларға, студенттерге, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.
Іс-шара аясында Әлихан Бөкейхановтың ғылыми-педагогикалық, қоғамдық - саяси, журналистік-публицистикалық қызметі мәселелері талқыланады.